Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Братуха, сен ойнамай-ақ қойшы…

05.03.2023, 10:43 583

HALYQLINE.KZ Әлем бойынша  №1 виолончелист Мстислав  Ростроповичті тың және тыңайған жерлерді игеріп жатқандарға концерт қоюы үшін, Москва қалалық филормония құрамына композитор Ян Френкель екеуін енгізеді. Концерттік бригада Қазақстанның кең даласында орналасқан «полевой станға» келгенде, көрермендер далада жерге отырып бұларды күтіп отыр екен. Вилончелист шығарманы орындауы үшін фортопианно керек. Не істеу керек? Ян Франкель:

– Славочка саспа сені аккардеонмен сүйемілдеймін, бәрі де жақсы болады!

Аккардеион сүйемілдеуімен шығармасын орындай бастайды. Кенет ең артта отырған дәу денелі  тракторист орнынан үсті-басын қағып тұрып, жұдырығын түйіп отырған адамдарды атап-атап келе жатқанда. Ростропович Френкельге сыбырлап:

– Янек, мынаның түрі жаман ғой… тезірек ойнасайшы… әйтпесе екеумізді аямайды… – деп қатты сасады.

Тракторист Ростроповичтің қасына келіп, дәу жұдырығын жазып алақанымен Виоленчелдің үстіне қойып:

– Братуха, сен скрипканы ойнамай-ақ қойшы, біз баянды тыңдайық  деп едік, – дейді.

Б.Львовичтің «Театр актерской байки» кітабынан.

Бұндай жағдай, бізде де болғанын Қазақстанның Халық артисі Кәукен аға Кенжетаев та жазған болатын:

«Жас кезімде Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде домбырашы болып ойнаймын, Москвада декадасына санаулы күндер қалғанда қорытынды репетицияны көруге ЦК-дан жауапты шенеунік келіп тыңдады. Бізге мынадай ескерту жасады:

 «Неге ана барабандағы музыкант анда-санда ғана бір соғып қояды? Алатын жалақыларыңыз бірдей емес пе?»  Дирижеріміз күйіп кетіп:

«Оның ойнайтын өз партиясы бар?» дегенде, ол шошып кетіп: «Ол қандай партия? Біздің елде бірақ партия бар, ол – Коммунистік партия!» деген болатын.

ЦК-дан келген бір нұсқаушы бұның алдында да репитициямызды қалай өтіп жатқанын білмек болып: «Тренировкаларын қалай өтіп жатыр?» деп күйдірген болатын… Бізді кімдер басқарған жоқ.».

Виолончельді-скрипкадан, аккардеонды-баяннан айыра алмаған троктарист орыс мұжығымен бірдей бастықтар бізде де болғаны еске түседі

Бақытжан Абдул-Түменбай,

тарихшы, журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: