Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бәсекелестікке қарсы келісімдер

31.10.2023, 15:01 161

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабына сәйкес, егер нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер:

1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;

2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;

3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;

4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;

5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, мұндай келісімдер картель деп танылады және оларға тыйым салынады.

Егер Сіз белгілі бір тауар нарығында қолданыстағы картельдің салдарымен бетпе-бет келген болсаңыз немесе бәсекелестікке қарсы келісімнің болуы туралы ақпаратыңыз болса, ҚР БҚДА Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүгіне аласыз. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 52, (412 кабинет) мекенжайы бойынша. Телефон: 8 (7242) 27-23-59

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: