- «Қол тазалығы» – артық нәрсе алмау дегенді білдіреді. Бұл жерде артылғаннан садақа беру туралы да айтылып тұр.
2. «Құлақ тазалығы» – қорқақ, ашулы, күйгелек… адамдарды, сонымен қатар өсек, бос сөзді тыңдамау.
3. «Көз тазалығы» – назарыңды күнәға итеретін жат нәрседен, бөгденің дүниесінен қорғау.
4. «Ауыз тазалығы» – бос сөйлеу, өсек, жаман сөз айтудан аулақ болу.
5. «Тән және киім тазалығы» – тәнің мен үстіңдегі киіміңді күту, таза ұстау.
6. «Ой тазалығы» – ашу, көреалмаушылық, өзіңе сенімсіздік, негатив шақыратын ойдан арылу. Өзіңді-өзің аяуды әдетке айналдырмау.(Өзіңе аяушылық – енжарлықтың серігі).
7. «Жүрек пен жан тазалығы» – ішкі сезімдеріңді таза күйінде сақтау, жақсы көріңіздер және ақысына ешнәрсе күтпеңіздер, талап етпеңіздер.
Жақсы көре білудің өзі – бақыт.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!