HALYQLINE.KZ Дала жануарлары мен жыртқыш аңдарды цирктен ғана көретін көпшілік жыл санап бұл арманынан да үміт үзетін секілді. Өйткені бұған дейін Перу, Грекия, Нидерланды, Словения, Парагвай, Кипр, Иран елдері, Италия мен Франция, бас-аяғы әлемнің 50-ден астам елі жануарлардың сахнада өнер көрсетуіне тыйым салған еді. Кезек Литваға жетті. 2020 жылдың қараша айынан бастап Литвада жануарлар циркте өнер көрсетпейді. Бұл заңның табиғи ортасында болатын жануарларға қатысы жоқ. Мәселен, дельфинариядағы дельфиндер. Мұндай заң Еуропаның бірқатар елінде әлдеқашан қабылданып, қолданысқа енген. Сондай-ақ, бұдан былай жабайы пілдерді сатуға тыйым салынып отыр. Жойылу алдында тұрған жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы жөніндегі конвенция бойынша Женева қаласында өтіп жатқан конференцияда аталмыш тыйым мақұлданды.
Табиғатта сирек кездесетін әрі азайып кеткен, яғни, жойылу алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу, қорғау бойынша керіктің де саудасына біржола тоқтау салынбаса да шектеу қойылған еді. Табиғатты қорғау ұйымдарының келтірген дерегіне қарағанда, 2012 жылдан бері африкалық елдерден жүздеген піл (көбісі Зимбабведен) хайуанаттар бағына сатылған. XX ғасырдың бас кезінде пілдердің қарасы бір миллионға жуық болса, бүгінгі таңда олардың саны 415-ті құрайды. Айта кетейік, халықаралық Қызыл кітапқа әлем бойынша жойылу алдында тұрған 5583 жануар мен өсімдік түрлері енген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!