HALYQLINE.KZ Бұқар жырау қартайған кезінде көңілін сұрай Қаз дауысты Қазыбек келіпті. Ауырып жатқан Бұқарекең, сонда Бұқарекең:
— Әй, Қазыбегім, тілге шешен едің, артымда сөз қалсын, бірден онға дейін санның мағынасын ешкім айтып бере алмады. Қазыбек сен айтып берші! — депті.
Сонда Қазыбек былай деген екен бірден онға дейін:
Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер жаман,
Үш дегеніңіз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман,
Төрт дегеніңіз — төскейге шыға алмаған кәрілік жаман,
Бес дегеніңіз — белгілі-белгілі, даңқты ерден, белгілі бала болмағаны сол жаман,
Алты дегеніңіз — аймағын билей алмаған хан жаман,
Жеті дегеніңіз — жетім қалған бала жаман,
Сегіз дегеніңіз — серкесіз бастаған қой жаман,
Тоғыз дегеніңіз — толғаныңыз көңілге олқы бай жаман,
Он дегеніңіз — жеткеніңіз, ол дүниеге кеткеніңіз,
Он бір дегеніңіз — жесір қалған ит жаман, — деген екен.
Бұқарекең Қаз дауысты Қазыбекке:
— Бәрекелді, тауып айттың! — деп батасын берген екен.
Мықты