Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады

27.08.2026, 16:30 26

«Отбасы банк» әйелдерге жеке баспаналы болуға мүмкіндік беретін «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталатынын хабарлады.

Маңызды шарттар:

• бастапқы жарна — өңірлерде 15%-дан, Астана мен Алматы қалаларында 20%-дан басталады;

• несие мөлшерлемесі — жылдық 14,8% (ЖТСМ 16,3%-дан 16,8%-ға дейін);

• қарыздың ең жоғары сомасы — 50 млн теңгеге дейін;

• отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс;

• басқа тұрғын үйдің болуы бағдарламаға қатысуға кедергі емес.

Бағдарлама аясында пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді, ҚТК кепілдігі немесе сақтандыру тетігі бар құрылыс кезеңіндегі тұрғын үйді және 2016 жылдан ерте салынбаған тұрғын үйді сатып алуға болады.

Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: