Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдің білімді болғаны дұрыс

26.02.2022, 11:00 882

HALYQLINE.KZ Ғылым еркекке, әйелге бірдей керек нәрсе. Еркекке бір есе керек болса,әйелге он есе керек.
Еркек өзі оқып бітпесе, бір жерден барып естісе де, бір сөз үйренеді.
Әйел бейшара өзі оқып бітпеген соң, ол ешқашан бара алмайды. Сонан соң қайдан естіп үйренеді?!
Сол үшін көбінесе әйел оқыса керек.
Біздің қазақ ойлайды:

«Қатын молда болып, бала оқыта ала ма? Әйелді оқытып не керек?»- дейді. Жоқ олай емес.
Ойлап тұрса еркектің оқығанынан да әйелдің оқығаны пайдалы. Неге десең, ғылым еркекке, әйелге бірдей парыз, оның бәр жағында әйел оқып ғылымды болса, алған ерін жақсы силап, күтіп, оған таза қызмет қылудың мәнісін біледі. Һәм өз бойына керекті зәрулі болған табиғат ғибраттарының ғылымын біледі. Һәм балалы болған уақытта сол балаларын жақсы әдеппен үйретеді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: