Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ тапсырғандардың 71 пайызы қазақ тілінде тест тапсырған

25.05.2026, 12:45 29

Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады. 10 мамырдан бері тестілеу шамамен 92 мың рет өткізілген. Абитуриенттердің 71 пайызы тесті қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, 164 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Екінші аптаның қорытындысы бойынша қатысушылардың 65 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 63 балл болды. Ең жоғары нәтиже 138 баллға жеткен. Министрлік тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 235 талапкер қатысқанын да хабарлады. Екінші аптада 178 ереже бұзу дерегі анықталған, оның 103-і смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап және шпаргалка алып кіруге байланысты тіркелген. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: