Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім сайысының жеңімпаздарына университет гранты табысталды

20.12.2023, 16:18 129

Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырған «Зияткер» облыстық телевизиялық білім бәйгесінің финалдық кезеңі өтті.

Телевизиялық білім сайысының қорытынды кезеңіне Қызылорда облысының аудандары мен қаласынан оқушылар қатысып, бақ сынады. Білім додасында еліміздің және шет елдердің тарихы, мәдениеті, экономикалық жағдайына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Қазалы ауданы Е.Бозғұлов атындағы №249  мектеп-лицейінің оқушысы Батырхан Мадияр жеңіп алса, ІІ орын Қызылорда қаласы С.Лапина атындағы №261 орта мектебінің оқушысыӘмір Ізбасарға бұйырды. Ал ІІІ орынды Қазалыауданы Е.Бозғұлов атындағы №249  мектеп-лицейінің оқушысы Олжабай Мадияр иеленді.

Байқаудың финалдық бәсекесіне облыстық «Дарын» оқу орталығының директоры Баян Бақытжанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова мен облыстық «Qyzylorda» телернасының телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқали қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сондай-ақ, жеңімпаз болып танылған үш үздік қатысушыға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тегін білім гранты табысталады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: