Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта Kyzylorda Hub халықаралық стартаптар технопаркі ашылды

18.04.2023, 11:50 775

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы және Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының базасында стартаптар мен новаторларды қолдау және дамытуға арналған Kyzylorda Hub стартаптар технопаркі ашылды. Тиімді стартаптарды құруда, инвестиция тартуда көмек беретін бизнес-инкубатор Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік хабы ретінде жұмыс істейді.

Kyzylorda Hub басты мақсаты – өңіріміздегі инновациялық жобаларды дамыту, аталмыш бағыт бойынша кадрлар даярлау және білім беру. Стартаптар, инвесторлар, менторларды бір жерде түйістіруге бағытталған орталыққа қосыламын деушілерге мүмкіндіктер қарастырылған. Стартап жобаларды дамыту барысында инкубациялық кезеңде кәсіпкерлік білімін, жобалардың прототипін, инвестиция тартуғ, қаржылық есеп жүргізу және PR бағыты бойынша қолдау көрсетіледі.

Astana Hub технопаркімен серіктестік аясында мектеп және колледж бітіруші түлектер арасындағы облыстық стартап жобалар байқауы «Startup Talapker», үздік стартап жобаларды анықтауға, дамудың жаңа деңгейіне шығуына қолдау көрсетуге, үздік жобаларды марапаттауға арналған «Idea Battle» байқауы және «Startup Joly» инкубациялық кезеңі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, өз стартап жобасын бастағысы және өз ісін дамыту бойынша білім алғысы келетін азаматтарға арналған онлайн білім беретін  «Startup School», кодты пайдаланбай IT өнімді әзірлеудің жаңа дағдысын көрсететін «No Code» курстарымен қатар технологиялық кәсіпкерлік бойынша студенттерге арналған «Startup Academy» бағдарламасы іске асырылады.Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығының қолдауымен өңірде Smart city Hackathon, Pecha Kucha Night, Innofest Kyzylorda 2024 инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жастаркәсіпкерлігі концепциясы аясында университет студенттері мен оқытушылары үшін стартап жобаларын әзірлеуге бағытталған, өз істерін бастауды қалайтын, бірақ мүмкіндігі жоқ жас кәсіпкерлерді қолдау және нәтижелі өндіріс құруда көмек көрсету мақсатында  құрылған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бизнес-инкубаторы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.  Инкубатордың жалпы жұмыс барысында 139 резидент пен 7 600 жас қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: