Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Денсаулыққа пайдалы құнарлы жеміс пен көкөністі өзіміз өсірейік

09.12.2023, 11:00 358

HALYQLINE.KZ

Сыр елі ауыр экологиялық аймақ болғандықтан, адам денсаулығы үшін құнарлы жеміс пен көкөністер аса қажет. Бірақ мұндай қажеттілік бізге ерте көктемнен оңтүстік жақтардан келіп, тапқанымыз сыртқа кетеді. Ал әрқандай дағдарыс әуелі бірінші қажеттілік азық-түлікке әсер етеді. Сондықтан бұл салаға көңіл аударып, құнтпен қараса, өзімізде сапалы мол өнім алудың жолы табылады.

Бұл егіншілік те – ғылыми жұмыс. Сондықтан қателеспей әр сәтті қалт жіберуге болмайды. Биыл ауладағы жеміс ағаштары тамаша жайнап, гүлдеген еді. Бірақ кенеттен түскен бір күндік түнгі бір градус аяз нәзік гүлдерді үсітіп жіберді. Бұған қарсы қала ішінде түтіндік салу ыңғайсыз әрі ол қауіпті. Мұндай жағдайда аласа бойлы жемістердің үстін жапсаңыз, оған жылы жердің қызуы әсер етеді. Ал, биік жеміс ағаштарының үстін жапсаңыз. онда түн ортасынан таң атып күн жылығанша майшам немесе 50-100 ваттық злектр шамын іліп көрсеңіз, оның жылуы мұндай сәл аяздан сақтауы мүмкін.

Жерді жыртсаң, күзде жырт. Биыл қыс жылы болатын сияқты. Сондықтан мен ауладағы жерді бір күрек аударып суарып қойдым. Сонда егін ауруға шалдықпай, өнімі де сапалы әрі мол болады.

Күн суып қыс мезгілі жақындаған сайын жаз бойы біздің негізгі түтынатын қызанақтар тапшы болып, сапасы да жойылып әрі қымбаттай түседі. Денсаулыққа пайдалы кезектегі оның өрнына көк шомырдың (редка) салатын да тұтыну керек. Бірақ біз оны екпейміз ғой. Тек сатып алуды ғана білеміз. Бұл көк шомырдың тұқымын тамыз айында ексеңіз, қараша айында жетіле бастайды. Жер тоңдамаса бұл (корнеплод) тамыр жемістері қар жауса да қыс айлары үсімей өсе береді. Алыстан ескіртіп әкелінгеннен гөрі аулада өскен бұны (свежий) жаңа әрі шырынды күйінде пайдаланасыз. Бұны қабылдаудан алдын аршып сосын қақ бөліп біраз суға салып қойсаңыз, өзіне тән біраз ащы дәмі жойылыды. Әртүрлі көкөніс өзіне тән әртүрлі витаминге ие. Енді осы көк шомырды да тұтынып әдеттенейік. Бұрын біздің дастарқанымызда сүт өнімдері мол болатын. Сондықтан етті тағамдармен қоса осындай көкөністерді мол тұтынып денсаулықты сақтайық.  

Ізденіп қалауын тапсаң, әртүрлі мәселені амалға асыруға болады. Еліміздің солтүстік-шығыс жауынды өңірлеріне қарақаттың суыққа төзімді десерттік сорттары өсуі әбден мүмкін. Сол кең далаға осы қарақаттың көшеттерін мол отырғызып өсірсек, оның жемісі өзімізге жетіп артылып әрі аң-құстарға да жем. Оның консервісі мен шарабын сыртқа да шығаруымыз мүмкін. Сырттың жемістерін сатып алумен қатар өзара айырбас осындай өз жемістерімізді біздің де сыртқа шығаруға мүмкіндігіміз өте мол. Яғни сыртқа кеткен қаражаттың орнын толтырады. Құр бос тоқырап отыруға болмайды. Қуатты мемлекет болу үшін барлық нәрсе өзімізде жасалуы керек.

Осы қала ішінде жайылып жабайы өскен бұталарды көрген сәтте бірден менің балалық шағым еске түсті. Бұрын біз ауыл балалары оның шие тірізді қызғылт майда жемістерін теретін едік. Өзіне тән тәтті дәмі бар. Ерінбей қыс көзінде терең тізеден қазып алып, оның көшет бұталарын аула алдына отырғызып, су құйып тұрдым. Екінші жылы жылы жемісін салды. Бала кезінде жемісін терген бір кісі бұның атын «Қаншие» деді. Бұның түрі мүкжидекке (клюква) ұқсас. Ал бойы бір метрдей болып Орталық Азия жерлерінде өседі. Суреттегі қолда өскеннің жемісі жабайысына қарағанда тәуірлеу. Егер бұл бұтаның кесінді қаламшасынан өсіре алсақ, жемісі дәмді болуы мүмкін. Дәл осындай біздер тұтынатын жемістердің бәрі бұрын жабайы болған ғой. Мұны да жыл сайын қайта-қайта отырғызып, қолда өсіріп, сапалы сорттарына ие болсақ, бұл да күнделікті тұтынатын қажетімізге жарап қалар. Бұл туралы біздің биолог-селекционерлер қандай мағлұматқа ие? Ол кебір, ыза жерлерде де өсе береді. Тамыры тым терең кетіп, жер таңдамайтын бұл су да талап етпейді. Ал су құйса, ол қаулап өседі екен. Сондықтан көше бойлары мен пәтерлі үйлердің кіреберіс алдына (изгородь) хеджирлеу етіп өсіріп көгертсек деген ой келді. Ауылдарда шеңгел мен жыңғыл қоралардан гөрі көгалды көркем осы дұрыс. Яғни жан-жағын қырқып, көркем етіп өсірсек деймін. Суыққа төзімді әрі су талап етпейтін мұндай жемісті өсімдіктер біздің географиялық климат үшін аса қажат. Енді бұл істің қалауын тауып, қажеттігімізге жарата алсақ еді.

Бекназар  ӘБСАДЫҚОВ,

Қызылорда  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: