Бүгін қоғам қайраткері, “Құрмет” және “Парасат” ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы облыс жастарына арналған “Берекелі отбасы” атты семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы институтының маңызын арттыру.
Семинар барысында Оразкүл Асанғазықызы жастарға жүректі таза ұстаудың, ішкі реніш пен өкпені кешіріп, өткенге қалдырудың мәнін терең түсіндірді. Отбасындағы татулық пен өзара құрмет берекелі өмірдің негізі екенін де атап өтті.
Жиын барысында ол Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздерін мысалға келтіріп, олардың отбасылық тәрбие мен рухани тазалық туралы ойларын кеңінен насихаттады. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиенің бастауында бесік жыры тұрғанын ерекше атап өтіп:
“Бесік жыры – ананың әлдиімен баланың бойына сіңетін ұлттық код. Ол тек ән емес, ол – тәрбие, ол – рух”, – деді.
Жастармен ашық диалог форматында өткен тренингтен қатысушылар ерекше әсер алып, жиын соңында олап өз ойларын да ортаға салды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!