Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бес қаруды білесіз бе?

06.06.2020, 14:30

HALYQLINE.KZ Ат үстінде күнелткен баһадүрлеріміздің арқасында картадан найзамен нұқып: “Мынау – менің елім!” деп айтатындай дәрежеге жеттік. Иә, ол – “жау жақта да бір үйің болсын” деп қасық қаны қалғанша қырқысқан қазақ батырларының өжеттігінің белгісі. Бүгінгі ер-азаматтарымыз мұндай ерліктен ада дей алмаспыз. Алыптықтан арылып, майшабақтай майдаланса да, әлемді мойындатудан кенде емес. Біз біреудің біліміне, білгеніне күмән келтірушілердің қатарынан емеспіз. “Білмейсің” деп табалағаннан гөрі, білгені жөн ақпаратты назарға ұсынуды құп көреміз. Ендеше, ер қаруы саналған бес қаруды біле жүрейік!

Бес қару – қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Оған соғыста кесу, шабу, түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар, садақ сияқты қарулар жатады. Әр қарудың бірнеше түрі, үлгісі бар. Мысалы: кесу қаруына – қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына – айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу қаруына – найза, сүңгі, жыда; соғу қаруына – шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, сылқетер, т.б.; ату қаруына – жақ, кейін шыққан мылтық түрлері жатқызылады.

Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісін, соғыс тактикасын анықтаған.

Бес қару әртүрлі әскери дәрежелерді белгілеуге де пайдаланылып, түрлі рәміздік рөл де атқарған. Мысал келтірер болсақ, жақ – ханның, патшаның рәмізі ретінде, найзаға тағылған байрақ, әскери ту – әскербасылық дәреже белгілері ретінде қолданылған. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: