Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

18 жастағы жігітке іздеу жарияланды

02.02.2026, 11:58 46

Петропавл қаласының тұрғыны Ролан Зуевке іздеу жарияланды. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне 20 күнге жуықтады. 

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Волонтерлердің мәліметінше, 14 қаңтардан бастап жігіт туған-туыстарымен байланысқа шығуды тоқтатқан.

Ролан Зуев 2007 жылы наурызда дүниеге келген. Петропавлдағы 19 шағын ауданда тұрады. Бойы 194 см, арықша келген, қой көзді, қара шашты. Жоғалған күні үстінде қандай киім болғаны белгісіз. 

Ролан Зуевті көрген-білгендер 8 705 6173561 немесе 8 777 307965 телефон нөміріне, сондай-ақ «102» хабарласа алады. 

Фото: әлеуметтік желіден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: