Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаларға қуаныш сыйлады

26.12.2025, 16:55 45

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан орталығында орналасқан №3 «Мейірім» облыстық балаларды оңалту орталығына және «Шиелі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-не арнайы барып, орталық тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен аудан басшысы «Мейірім» орталығында болып, балалармен жылы жүздесіп, әр балаға жеке-жеке мерекелік сый-сыяпаттар табыстап, олардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Балалармен бірге тәрбиешілер, арнайы мамандар мен бала күтушілер де жаңажылдық көңіл күйге бөленді.

№3 «Мейірім» облыстық балаларды оңалту орталығы қазіргі уақытта 50-ге жуық балаға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және медициналық қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ, мереке қарсаңында орталықта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаңа ойын және демалыс бөлмесі ашылып, пайдалануға берілді.

Келесі кезекте аудан басшысы «Шиелі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-не барып, орталық ұжымымен және балғын тәрбиеленушілермен кездесіп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жыл басынан бері бұл мекемеде 130 бала түзету сабақтарымен қамтылып, қазіргі күні 28 бала даму сабақтарына қатысуда. Мұнда логопед, дефектолог, психолог сынды мамандар балалармен жеке жұмыс жүргізіп, олардың танымдық қабілеттері мен сөйлеу дағдыларын дамытуға күш салуда.

Аудан әкімі аталған екі орталықтың жұмысына оң баға беріп, мамандардың еңбегіне сәттілік тілеп, бұл бағыттағы қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: