Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көше комитеттерінің төрағаларымен кездесті

26.12.2025, 8:45 48

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі көше комитеттерінің төрағаларымен кездесті, деп жазады баспасөз қызметі.

Руханият орталығында өткен кездесу барысында тазалық пен тәртіпті сақтау, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысудың маңыздылығы айтылып, көше комитеттері тарапынан атқарылып жатқан игі істер атап өтілді. Аудан басшысы тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатуда төрағалардың рөлі жоғары екенін атап өтіп, елді мекеннің көркеюіне қосқан үлестері үшін ризашылығын жеткізді.

— Тазалық бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазалық жұмыстарына тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өткен болатын. Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру, көркейту көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде біздің облыс орталығы Қызылорда қаласы тынымсыз еңбек пен жүйелі жұмыстың нәтижесінде еліміздегі ең таза қалалардың қатарынан табылып отыр. Мұны Сыр еліне келген қонақтардың пікірлерінен анық байқауға болады. Қасиетті Қазалы ауданы да ең таза аудандардың қатарында болуы тиіс. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарды біз Өздеріңізбен бірге алдағы уақытта да бірлесе атқара беретін боламыз, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Маңызды кездесуде аудан басшысы жыл көлемінде аудан орталығының тазалығына белсене атсалысып, өз көшелерінде тазалық іс-шараларын белсенді ұйымдастырған азаматтарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Өз кезегінде көше комитеттерінің төрағалары да аудан тазалығын сақтау ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, ортақ іске алдағы уақытта да жұмыла атсалысатындықтарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: