Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміржол вокзалы құрылысы қарқынды

11.12.2025, 9:55 66

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов кенттегі теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап көрді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасын назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысанның құрылысын одан әрі жеделдету, аумақты абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымдарды толық қамту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс алаңында қажетті техника мен жұмыс күші толық жеткілікті, құрылысшылар ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарын аяқтау сатысына жақындатты.

Жалпы, Жалағаш ауданы аумағынан өтетін теміржол желісінің ұзындығы 47 шақырымды құрайды. Жаңа вокзал ғимараты іске қосылған соң, аудан тұрғындары мен жолаушылар үшін теміржол қызметінің сапасы артып, жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: