Сырдария ауданы әкімдігі және Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша аудандық форум өткізілді.
Форумға Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры А.Жұмашев, Сырдария ауданы полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары А.Толеуов, “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Р.Жамит және мемлекеттік мекемелер мен уәкілетті органдардың және құқық қорғау органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері, кент және ауылдық округтердің осы салаға жауапты мамандары (оның ішінде квазимемлекеттік сектор) қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев күн тәртібіндегі мәселені кеңінен түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресу қажеттігін атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмысының салдары және оның жауапкершілігі қатаң екендігі туралы түрлі бейне роликтер көрсетілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Р.Жамит түсіндірме жасады.
Форум соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында құзырлы және мемлекеттік органның өкілдері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының алғыс хатымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың басты парызы» тақырыбында өткізілген мақалалар байқау қорытындысының жеңімпаздары марапатталды.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғыз құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ұйымдар ғана емес бұл індетпен күресуді жалпы қоғам болып жүргізу қажет екендігін барша қатысушыларға жеткізді.
Сонымен қатар жұмыс барысында қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтап, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдау қажеттігі тапсырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!