Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жол жөндеу сапасын қадағалады

28.10.2025, 15:30 119

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі Жайлыбаев және Смайлов көшелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Жұмыстарды «Акнур-Авто» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда.

Алдымен аудан басшысы Жайлыбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының жағдайын көріп, аталған көшеде жүргізілген жұмыстармен танысты. Көше бойында орналасқан аудандық емхана маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жаңартылып, жарық шамдары ауыстырылған. Сондай-ақ, такси тұрағы қойылып,көше жолы толықтай жаңарып тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.

Келесі кезекте, аудан әкімі Смайлов көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Бұл көшеде екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, көше жарықтары толықтай жаңартылуда. Атап өтерлігі, бұл көше №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектептің дәл іргесінен өтеді. Сондықтан жолдың жаңаруы – оқушылардың қауіпсіздігі мен мектеп маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен бірге көшенің көркі мен абаттануы мектептің сыртқы ажарын да арттыра түседі.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жолдың қауіпсіздігіне, жаяу жүргіншілер жолақтары мен жол белгілерінің дұрыс қойылуына ерекше мән беру қажеттігін ескертті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: