Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық мәслихат төрағасы БАҚ өкілдерін қабылдады

24.10.2025, 11:50 103

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов Қызылорда облысының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған «Ақмешіт» футбол командасын қабылдады.

Кездесу барысында мәслихат төрағасы команда мүшелерін Республика күніне орай ҚР Парламенті Мәжілісі ұйымдастырған «Majilis Cup – 2025» республикалық турнирінде бас жүлдені иеленуімен құттықтады.

Биыл төртінші рет өткізілген додада еліміздің әр өңірінен келген 20-ға жуық команда бақ сынап, қызылордалықтар финалда астаналық командадан 4:1 есебімен басым түсіп, Мәжіліс кубогын Сыр еліне әкелді.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов спорт пен журналистиканы ұштастырып, табандылық пен командалық рухтың үлгісін танытқан «Ақмешіт» командасының жеңісін Сыр спортының беделін арттырған зор жетістік екенін атап өтті.

Сондай-ақ, өңірдің абыройын асқақтатып жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

Айта кетейік, «Ақмешіт» командасы биыл мамыр айында өткен Амангелді Сейітханов атындағы республикалық турнирде де үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Кездесу соңында облыстық мәслихат төрағасы жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, олардың кәсіби қызметтегі және спорттағы жетістіктерінің арта беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, «Ақмешіт» командасының капитаны, Қазақстан ұлттық арнасының меншікті тілшісі Әділбек Жақанов сөз алып, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовке көрсеткен құрметі мен қолдауына ұжым атынан алғысын білдірді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта да Сыр спортының одан әрі дамуына өз үлестерін қосуға ниетті екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: