Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарының жүргізген тексеруі мен жедел әрекетінің нәтижесінде Әйтеке би көшесі, №5 Е мекенжайында салынып жатқан 3 қабатты сауда үйі құрылысындағы заңсыздықтар тоқтатылды.
Бұған дейін айтылғандай кәсіпкер бекітілген құрылыс жобасынан ауытқып, автотұрақ пен жолаушылар жолына дейін құрылысын кеңейтіп сала бастаған. Нысан иесі бөлім тарапынан жасалған ескертулерді елемеген. Енді кәсіпкер өз қаражатына іргесі көтерілген ғимаратының бір бөлігін бұзатын болды.
Айта кету керек, жобаға келісім берген жобалаушы-сараптамашы ұйымға да заң аясында тиісті шара көрілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!