Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрлік мектептердің мәселесін «майшаммен» қарауға кірісіп жатыр

24.09.2025, 16:05 159

Тексеру білім ұйымдарындағы түйткілдер және педагогтардың құқықтарының сақталуын анықтауға бағытталған.

Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті 3025 ұйымды мемлекеттік аттестациядан өткізуге белгілеп отыр.

Осылайша, 2025 жылы Қазақстанда мектептегі білім сапасына ауқымды тексеру жүргізілмек. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 1170 мектеп пен өзге де білім беру мекемесі тексерілген. Бақылау шараларының басты мақсаты – білім беру процесіндегі мәселелерді анықтау, ұйымдардың қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және біліктілік талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.

– Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2487 білім беру ұйымында түрлі тексерулер жүргізді. Олардың қатарында мемлекеттік аттестация, профилактикалық бақылау, шағымдар негізіндегі жоспардан тыс тексерулер бар. Нәтижесінде мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан дер кезінде өтпеуі, мектептердің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі сияқты фактілер анықталды, – дейді Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Оның сөзінше, мұндай тексерулер білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бақылау тек олқылықтарды дер кезінде анықтап, түзетуге ғана емес, сонымен бірге педагогтардың құқықтарын қорғауға, мектептердің жұмысын неғұрлым ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік сыйлайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: