Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмірге сауал (Әні бар)

19.09.2025, 10:50 233

HALYQLINE.KZ

Табам деп әділдікті,

Соғылды тасқа маңдай.

Арылтар ауыр жүкті,

Сенделдім дос таба алмай.

Ебін тапқандарға,

Жымың қаққандарға,

Арын сатқандарға,

Сен, өмір, оңай ма едің?!

Жала жапқандарға,

Судай аққандарға,

Дәуге жаққандарға,

Неге, өмір, қолайлы едің?!

Тура айтсаң туғаныңа,

Жақпайсың деген халық.

Сондықтан менің сақам,

Алшы болып түспесі анық.

Адамдық арым сатпай,

Өлсем де тіресемін.

Тірлікте дамыл таппай,

 Сол үшін күресемін.

Бекет  Есентаев

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: