Фото-видео очеть заманы.
Әкімдер қазір әжетханаға барғанын ғана салмайды. Қалған жерде оператордың кадрынан түспейтін болды.
Кеше Берік Уәлидің күрек ұстап жұмысты періп жатқан суретін көріп күлдім де. Ұялмай ма осылар сондай дешевый тірліктеріне.
Әй сен әкімсің, бастықсың сол өңірге. Екі адаммен бар да тексеріп өт. Ешкімге айтпай-ақ, 20 минут уақытыңды бөлсең жетеді.
Көп әкім сондай ше.
Неге?
Дүник қараң қалып кетсе де, әкімдер анадай арзан пияр тірлікке бармаса деймін.
Болдық ғой пәлен жыл пияр жасап.
Қоятын кез келді.
Тал егу, күрекпен лай салу, винтиль бұрау, лента қию, т.б. бұрыннан қалған «салт дәстүрден» арылу керек.
Қаладан бір шағын ғимарат ашатын болса, сразу министр келеді қазір.
Оның келуі күллі шығын еще.
Бүкіл қала ақ тер, көк тер боп күтеді.
Жол жауып, әуежайдан қалаға дейін полициямен қорғалып.
Бір жолмен әкеліп, сол жолмен шығарып салып, өзіміз қалып шай ішеміз сосын.
Біз қазір «Қызылордада стадион ашылуына кім келеді?» деп құмалақ салудамыз.
Менің салғаныма президент түсіп тұр.
Базардағы саяси сарапшы Сапаркүл жеңгемнен сұрасам, ол да шаршаған-ау.
«Маған десе, Трамп келсін қоқи…» дейді.
Мақсұт ТАҢЖАРЫҚҰЛЫ.
(Әлеуметтік желідегі жазбасынан)
Фото: img1.reactor.cc
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!