Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазасын өтеушілер еңбек нарығында

16.09.2025, 18:05 350

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекесінің өндірістік аймағында кәсіпкерлер ісін домалатып келеді. Соның бірі – Жеке кәсіпкер «Әділет».

2019 жылдан бері ЖК «Әділет»-тің кірпіш зауыты жұмыс жасауда. Бұл зауыт мекемедегі жазасын өтеуші азаматтардың 58-ін жұмыспен қамтып отыр. Жұмыспен қамти отырып, жеке кәсіпкер құрылыс саласында сұранысқа ие өнімдерді нарыққа шығаруда. Оның ішінде табиғи газбен күйдіріліп өндірілетін қыш, қам кесек, пескоблок өнімдері бар. Сотталушылар зауытта күніне үш мың (3000) қам кесек өнімін шығарса, 72 сағат ішінде пеште күйдіру арқылы жетпіс мыңға (70000) дейін күйдірілген қыш алады.

СЕҰБ бастығы әділет майоры А.Абдреймова:

«Өндіріс орнында 40 сағаттық жұмыс режимі сақталған және белгіленген еңбекақысын да алып отырады. Бұндай еңбек ету алдағы уақытта сотталушылардың жаза мерзімі аяқталған соң, қоғамға тез бейімделіп кетуіне оң ықпалын тигізеді.»

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: