Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қолдау — кәсіпкерлікке серпін

30.07.2025, 7:30 285

Мемлекет басшысының халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуға мүмкіндік жасауда.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін кеңейткендердің бірі – Гүлзат Әбілова. Кәсіпкер бағдарлама арқылы жеңілдетілген 2,5% мөлшерлемемен 8,6 миллион теңге көлемінде несие алып, қоршау өнімдерін шығаруға арналған құрал-жабдық сатып алды.

Сонымен қатар, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 13 миллион теңге көлемінде 6% мөлшерлемемен несие рәсімдеп, құрылысқа арналған тор өндірісін іске қосты.

Бүгінгі күні кәсіпкер 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қоршаудан бөлек, цехта жол жиегіне арналған жиектас, суағар, кеспе тас және құрылысқа қажетті өзге де өнімдер өндірілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: