Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық диқандар алғашқы өнім ала бастады

24.06.2025, 10:20 199

HALYQLINE.KZ

Арал ауданына қарасты Ақирек ауылдық округі және Сексеуіл кентінде алғашқы өнімі алынды. Өңірлік өнім жақын арада сатылымға шықпақ. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақирек ауылдық округіндегі «Нұр-Дана» шаруа қожалығының төрағасы Ә.Мейірманов 6 гектар аумаққа тамшылатып суару (подпленка) әдісімен бақша (қарбыз, қауын) дақылдарын орналастырып, қауынның «Даккар Ғ1» тұқымының алғашқы өнімін алды.

Ал, сексеуілдік жеке кәсіпкер А.Боханов заманауи тәсілдерді ұштастыра отырып, жалпы көлемі 14 гектар аумаққа түрлі көкөніс және бау-бақша дақылдарын орналастырған болатын. Оның ішінде, 4 га көкөніс, (қияр, қызанақ, асқабақ), 10 га жерге бақша дақылдарын (қауын, қарбыз) еккен. Алқапқа тамшылатып суару (подпленка) жүйесін қолданады. Бүгінде диқан қияр тұқымының «Северин F1» сортының алғашқы өнімін алды.

Диқандардың көктемдік еңбектері ақталуда. Қауынның «Даккар F1», қияр тұқымының «Северин F1» сортын өсірген кәсіпкерлер бүгіннен бастап ауылішілік азық-түлік дүкендеріне аталған өнімді сатылымға шығарды.

Тұрғындардың бұл кәсібі ауданды жергілікті өніммен қамтуға септігін тигізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: