Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балаңыз терезеден құлап кетпесін…

23.05.2025, 8:55 193

HALYQLINE.KZ

Жыл басынан бері Қызылорда қаласында жазатайым терезеден құлаған 7 оқиға болып, балалар дене жарақаттарын алды.

Балалардың ата-ана бақылауынсыз қалуы, терезелердің темірмен қоршалмауы, москитті тордың осал бекітілуі және балалардың терезе алдында ойнауы – терезеден құлаудың басты себептері. Балалар қауіпсіздігін сақтау, терезеден құлау жағдайын болдырмау, алдын алу мақсатында қала аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналыстары өткізіліп, халық арасында жаднамалар таратылып түсіндірме жұмыстары және көпқабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатындағы жадынамалар ілінді.

Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің терезелеріне балаларды қорғайтын арнайы құралдарды орнату жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

терезелерді ашық қалдырмаңыз;

баланы қараусыз қалдырмаңыз;

тиісті қорғағышы жоқ москит торын пайдаланбаңыз;

терезелерге бекіткіштерді орнатыңыз (блокираторлар немесе терезе құлыптары);

терезенің маңына жиһаз қоймаңыз.

Абай болыңыз және сақ болыңыз! Есіңізде болсын, балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-аналар жауап береді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: