Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Озық ойдың ордасы

05.05.2025, 16:15 270

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі, көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық пайдалануға берілмек. Балалардың жан-жақты дамуына негізделген бұл кешен – спорт пен өнерді, ғылым мен техниканы бір арнада тоғыстырған теңдессіз жоба.

Жалпы аумағы 3820 шаршы метрден асатын ғимаратта 500-ге жуық бала бір мезетте түрлі бағытта білім алып, шығармашылығын дамыта алады. Мұнда үлкен және кіші бассейндермен қатар, 20 орындық фитнес зал, 18 орындық топтық жаттығу бөлмесі, үстел ойындарына арналған кабинет, 2 жекпе-жек залы, 4 үстелді теннис алаңы бар. Жекпе-жек залдарында күрес, дзюдо, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және каратэ сынды спорт түрлері болады деп күтілуде. Жалпы, бұл орталық балалардың түрлі саланы меңгеріп шығуына жұмыс істейді.

Ғылым мен технологияны ұштастырған робот жасау, жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, автоматтандыру мен киберспорт кабинеттері оқушылардың техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Мұнымен қатар, математика, дыбыс жазу, өлкетану сынды пәндерге арналған арнайы бөлмелер де бар.

Орталықтың ашылуымен қала оқушылары бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізіп қана қоймай, болашағына бағыт-бағдар алып, ғылым мен өнердің биігіне жол бастай алады. Бұл – Қызылорданың білім мен технологияға, саламатты өмір салтына бет бұрғанының жарқын көрінісі.

Айта кетейік, шығармашылық орталықты салу жұмыстарын «BI GLOBAL» серіктестегі жүзеге асыруда.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: