Бір адам итті зиратқа жерлеген екен. Адамдар бұл туралы қазыға барып шағымданады. Қазы ол адамды шақыртып, ашуланып:
— Сен бе итті мұсылмандардың зиратына жерлеген? — деп сұрайды.
Адам:
— Иә, мен иттің өсиетін орындадым, — дейді.
Қазы ашуланып:
— Құрысын, сен итті мұсылмандардың мазарына көміп, енді менімен әзілдесіп тұрсың ба? — дейді.
Сонда әлгі адам:
— Асықпаңыз, ит сізге де мың динар мұра қалдырған, — дейді.
Мұны естіген қазы:
— Алла осы бір теңдессіз итке рақым етсін, — депті.
Қазының бұл сөзін естіген халық таңырқап қалады. Қазы:
— Неге таң қалып тұрсыңдар? Мен бұл итке көптен бері қарап жүрген едім, ақыры бұл ит – Асаб-уль-Кәһф (үңгір серіктері) итінің ұрпағы екен деген шешімге келдім, — дейді.
Түйін сөз: «Ақша адамның ойы мен көзқарасын өзгертеді».
(Араб тілінен аударма).
Арыстанбек Байқабыловтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!