Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта бес мыңдай студент жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуда

04.03.2025, 18:10 56

HALYQLINE.KZ

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл – аймағымыздағы кәсіптік білім беру саласына жасалған үлкен. Аталған бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Аталған тақырып аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева сөз қозғады.

– Бүгінде «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар аймақтағы кәсіптік білім беру саласын транформациялаудың да жол картасы қабылданды. 2023-2024 оқу жылында 9 колледжде 38 мамандық бойынша 52 біліктілік лицензия қосымшасы кері қайтарылған болса, биыл 8 колледжде 21 мамандық, 31 біліктілік анықталды. Сонымен бірге білім сапасына байланысты оқу орындарының арнайы рейтингін қалыптастырып, жыл сайын бақылауды жүзеге асырылады. Бұл оқу орындарының бәсекеге қабілетті кадрлар даярлаудағы әлеуетін айқындайтын болады. Биылғы жылы халықаралық талаптарға сәйкес шетелдік оқу орындарымен әріптестік байланыс орнату жүзеге асырылатын болады. Осы ретте айта кету керек, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педогогикалық жоғарғы колледжі Германия мемлекетінің Лейпциг университетімен педогогика, психология мамандығы бойынша, сондай-ақ Исатай Әбдікәрімов атындағы колледж Американың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатты, – деді Бекжан Шәкизатұлы.

Биыл жастардың, оның ішінде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алатын жастарға байланысты мемлекеттік тапсырыстың көлемі 700 орынға артып отыр.

– Жыл ішінде «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру» жобасы аясында жұмыс күші жетіспейтін Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарына қоныс аударуға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу де жалғасын табады. Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша 525 жұмыссызды қысқамерзімді курстарға оқыту жоспарланса, «Скиллс Еңбек» электронды білім беру порталы арқылы тегін біліктілігін арттыру курстарынан өткізу көзделуде. Осы онлайн оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйретуге арналған 848 курс қолжетімді, бұл курстардан өткен жылы облыс бойынша 3 мыңнан аса жұмыссыз адам оқудан өтсе, биыл 20 мыңнан аса адамды қамту межеленуде. Электрондық еңбек биржа порталына өзгеріс енгізіліп, оқушылар мен ТИПО студенттеріне оқу мүмкіндігі берілді. Жыл соңына дейін облыстық білім басқармасымен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп «Жұмысшы мамандықтарының атласы» әзірленеді. Аталған атлас еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтарға сұраныс пен ұсынысты айқындайтын болады, – деді Жанар Жұмабекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: