Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық кеңес – қоғамның қозғаушы күші

27.02.2025, 15:00 74

Қоғамдық кеңес – бұл билік пен қоғам арасындағы маңызды көпір болып табылады, оның басты мақсаты – халықтың мүддесін қорғап, қоғамның әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға үлес қосу. Кеңес мүшелері қоғамдық мәселелерді талқылап, сарапшылардың пікірлеріне сүйеніп, нақты шешімдер ұсынады. Оның жұмысы азаматтардың белсенді қатысуымен тиімді жүзеге асырылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы Сәрсенкүл Бихожаева айтты.

Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – облысымыздағы қоғамдық мәселелерге көз жіберіп, қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмысымен таныстыру. Қоғамдық кеңес – бұл билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның мүддесін қорғау үшін қызмет атқаратын маңызды алаң. Біз осы қоғамдық кеңес аясында әділдік, ашықтық және халықтың мүддесін ескере отырып, шешімдер қабылдауға ұмтыламыз. Әрқайсымыз үшін қоғамдық кеңестің жұмысы – тек қана міндет емес, сондай-ақ азаматтық борыш. Біз әрбір мәселені егжей-тегжейлі талқылап, тиімді шешімдер іздеп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдаймыз. Біздің жұмыстың басты мақсаты – халық пен билік арасында сенімді байланыс орнату, сол арқылы қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету,-деді Сәрсенкүл Бәйдешқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: