Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Менің Отаным – Қазақстан

21.02.2025, 16:20 91

HALYQLINE.KZ

«Отан оттан да ыстық» деп бекер айтылмаған. Десек те әркім өз Отанын сүйіп, қастерлеуі керек. Әркімге өз отаны қымбат. Сондықтан өз отанымызды, яғни туған елімізді аялауымыз қажет.

Менің Отаным – Қазақстан! Мен өз отанымды соңғы демім қалғанша сүйіп өтемін. Себебі, мен осы жерде, осынау ұлан-байтақ, тарихы терең Қазақстан елінде туылғаныма қуанамын, мақтаныш етемін. Менің, яғни біздің ата-бабаларымыз осы кең-байтақ жерді бізге аманат етіп қалдырып кетті. Тек қана жерді ғана емес, тілді, дінді мұра етті. Біздің ана тіліміз – ол қазақ тілі. Өз тілімізді қастерлемесек, ел болуымыз қиындайды. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді ұмыту мүмкін емес. Өйткені қазақ халқының қайнаған қазанында салт-дәстүрімізді ұстанбайтын қазақ жоқ. Дегенмен де, қазіргі жастарымыз жаңарамыз деп жүріп, халқымыздың дәстүрін, өз тілін, ұлттық ойындарын, мәдениетін ұмытуда. Олар ата-бабамыз көрген қиыншылықты басынан кешіріп көрмеген, олардың серігі – ұялы телефон. Жарты өмірлерін босқа құртуда. Сондықтан ұялы телефонды көп қарамауымыз қажет. Оның бойынан бөлінетін зиянды заттарды бірі білсе, бірі білмес. Уақыттарын тиімді пайдаланып, оқу-білімге құштарлық танытуға, кітап оқуға өз достарымды шақырамын. Мемлекет басшысы айтқандай: «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» .

Өз сөзімді қорыта келе, әрқашан өз еліңнің патриоты болу, ұлтжанды, өз елін құрметтейтін, үлкенін сыйлай білетін азамат болып қалыптасуда әрбріміздің еңбегіміз ерен болуы тиіс. Сонда ғана еліміз өркендей түсері анық.

Жаншуақ Қорғанбеков,

№85 мектептің 6 «В»сынып оқушысы,

Қармақшы ауданы,

Төретам кенті

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назира Жакипова

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: