Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлікке қолдау бар

20.01.2025, 17:15 47

HALYQLINE.KZ

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қалада кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Бағдарламаның арқасында бизнеске бет бұрып, шаруасын ширатқан кәсіп иелерінің қатарында қала тұрғыны Жансия Альсеитова да бар. Кәсіпкер 2019 жылдан бастап жартылай фабрикатталған өнімдер өндірісімен айналысып келеді. Өткен жылы цехты кеңейту мақсатында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 22 млн теңге қаражатқа ие болды. Бөлінген қаржыға 1000 шаршы метрге дейін өндіріс орнын кеңейтіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтады. Цех жуырда іске қосылады. Әзірше 5 адамды жұмыспен қамтыған кәсіп иесі күніне 100-110 кило өнім өндіруде. Дайын өнімдер қала орталығындағы дүкен сөрелерінен орын табуда.

Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің жазуынша, өңірлік инвестициялық орталық арқылы 30 млн теңгеге жеңілдетілген несие алып, наубайхана ісін қолға алған кәсіпкердің бірі – Анар Романова. Кәсіпкер қазір 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Наубайханада күніне 400-ге жуық нан өнімдері дайындалып, қаладағы дүкендерге жеткізіледі. Ерекшелігі бұл өнімдер табиғи жолмен ашытылып пісіріледі. Алдағы уақытта кәсіпкер Сол жағалау тұрғын ауданынан кеңейтілген наубайхана ашпақ ниетте.

Қала тұрғыны Мадина Сейілханова да осы бағдарлама аясында 13 млн теңгеге жеңілдетілген несие алып, жаңа «Бибі-Ана» наубайханасын іске қосты. Күніне 100-ден аса өнім шығарып, «Ақмаржан» мөлтек ауданының тұрғындарын қамтуда. Наннан өзге де өнімдерді сатылымға шығаруды жоспарлауда.

Жалпы, өткен жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 502,3 млн теңгені құрайтын 41 жоба қолдау тапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: