«Еріктілік – қайырымдылықтың бір қанаты» демекші, бүгін біз ерікті мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтсек.
Азаматтардың белгілі бір санаттарына, оның ішінде мемлекеттің ерекше назарын қажет ететін балаларға, қарт адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу мақсатында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қайырылымдылық акциясы жүргізіліп, 3 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.
«1 Маусым – Балалар күні» мерекесіне орай «Аналар үйінде» балаларға арналған мерекелік іс-шара және қайырымдылық акциясы өткізілді.
Осы жылдың шілде айында Қызылорда облыстық қан орталығының арнайы жабдықталған жылжымалы кешенінде «Қан тапсыр – өмір сыйла» акциясы өткізіліп, 100-ден аса мемлекеттік қызметші қан тапсырды.
2024 жылдың 13 қыркүйегінде бір мезетте «Мемлекеттік қызметшілердің мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі күш-жігерін біріктіру бойынша науқаны» өткізіліп, науқанға 31 жергілікті атқарушы орган мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ерікті мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Науқанның мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы адамдарға жылулық пен мейірім сыйлау, үлгі болу және таза ниетпен қолдан келетін іспен көмектесу.
Осы науқанда әртүрлі бағытта, атап айтқанда мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ардагерлердің үйлеріне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу және ерекше балалармен кездесу сияқты шаралар өткізілді.
Бүгін, Халықаралық еріктілер күніне орай Арал және Қазалы ауданы әкімі аппаратының ерікті мемлекеттік қызметшілері жалғыз басты қарт кісілердің үй-іштерін, ауласын тазартып, көмек қолын созды.
Сонымен қатар, департамент басшысы Е.Мендалиев осындай игі істермен айналысып, «жақсылық нұрын шашып жүрген» бірқатар еріктіге рақметін айтып, алғыс хаттарын табыстады.
Ә.Хожбанова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!