Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылыжайдағы жарқын жаңалықтар

11.09.2024, 9:30 124

Биыл аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы көлемі 5 гектарды құрайтын ботаникалық бақта екі блоктан тұратын жылыжай орналасқан. 800 шаршы метр болатын жылыжайда қиярдың 3 буданы, қауынның 1 буданы сынақтан өтуде. Жемістер мен көкөністердің күтімі күпті,бабы мықты болып өсуіне жылыжайдың атқарар рөлі орасан.

Дастарқанымызға дайын күйі келетін көкөністердің қандай күтіммен өсетініне көп көңіл аудара бермейміз. Дей тұрғанмен еселі еңбектің арқасында жемісті жұмыс болатынын ескеру керек. Жылыжай жұмыстарын жүргізуге арнайы қызметкерлер жұмылдырылған. Жалпы, ботаникалық бақ қалаға көрік беретін орын ғана емес, «Биология және Агрономия» білім беру бағдарламалары студенттерінің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: