Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жаудырдым дегеніне сенбейді

30.07.2024, 15:05 120

HALYQLINE.KZ

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте «Жаңбыр адамының» технологиясына қатысты пікір білдірді.

Журналист ведомство басшысынан «Сіз Алтай Айнабектің технологиясы жайлы естідіңіз бе?» деп сұрады.

«Біріншіден, сол күндері «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жаңбыр жаууы керек болатын. Әрдайым алдағы он күнге болжам беріліп отырады. Екіншіден, дүниежүзінде ғалымдар және болжаммен айналысатын мекемелердің осы тәсілді зерттеп айтуы бойынша бүгінде бұл адам сеніңкіремейтін, әлі нақты дәлелі жоқ тәсіл деп көрсеткен. Арал өңіріндегі жаңбырды айтсақ, синоптиктер сол күндері жаңбыр болады деген. Дүниежүзіндегі ғалымдардың ұстанымы бойынша айтсақ, бұған көп сене беруге болмайды», – деді Ерлан Нысанбаев.

Министр Алтай Айнабекпен жеке кездеспегенін айтты.

Айта кету керек, осыған дейін «Rainman» лақап атымен танылған Алтай Айнабек арнайы технологиялар арқылы жаңбыр жаудырумен айналысатынын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: