Пластмасса – бүгіннің және болашақтың материалы. Өйткені оның қолданыс аясы өте кең. Заманауи құрылыста, сантехника желілерін төсеу немесе жылыту жүйесін орнатуда, күрделі инженерлік жүйелер салуда таптырмайтын материал. Олар металға қарағанда арзан, жеңіл, берік, қарапайым монтаждалады, ұзақ шыдас беретінімен ерекшеленеді. Шірімейді, қабырғаларына қақ пен шөгінді тұрмайды, орта есеппен 50 жыл қызмет етеді.
Бұл материалға деген сұранысты ескере отырып, қызылордалық Индира Жамалова пластик құбыр өндірумен айналысатын компания құрды. Бұл – осы қала мен облыстың тұрғындарына құбырларды қолайлы бағамен сатып алуға үлкен мүмкіндік туғызды.
Жыл сайын өнімге тапсырыс көлемінің артып келе жатқанына байланысты айналым қаражатын толықтыру қажет болған кезде «Жамалова» ЖК «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. Ал «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның пайызын субсидиялап, қарыз жүгін жеңілдетті.
Қазір «Жамалова» ЖК шығаратын өнімдерге риза болған клиенттер саны көп. Сол себепті өнімге тек жергілікті компаниялардан ғана емес, облыстың басқа өңірлерінен де, одан тыс жерлерден де сұраныс толстаған емес.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!