Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызыл жалау қашанда қасірет!

14.05.2024, 9:20 368

HALYQLINE.KZ

Алматыда 9 мамыр күні көшеде Кеңес одағының қызыл туын тағып, тайраңдап жүрген Ресейдің импершіл саясатын қолдайтындарға тосқауыл қойған Жанболат Шайзада, шын мәнінде, батыр! Ол өз елінің намысын қорғады. Отаршыл пиғылдағылардың тайраңдауына жол берген жоқ! Міне, сондай батыр азамат қамауға емес марапатқа лайық!

Қазақ жерінде 1916-1917, 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы геноцидті – үш ашаршылықты қолдан жасаған қызыл жалаулы Қызыл империя болатын. Соның салдарынан 7 000 000 (жеті млн) қазақ жер жастанды. Жалпы 1917 жылдан 1991 жылға дейін 74 жылда коммунистік билік 90 млн совет адамын жоқ қылса, соның ішінде 10 млн қазақ құрбан болды. Яғни қазақ халқының қас жауы – СССР!

Міне, сондай елімізге орасан қасіреттер әкелген Кеңес Одағының қызыл жалауын көтерушілер – іші арам, Ресейдің Украинаға соғыс ашуына себеп болып отырған путиндік биліктің құйыршықтары бізге қалай дос болады? Билік тарапынан тойтарыс жасалудың орнына арандатушы Харжинкий неге әспеттеледі? Арандатушылар неге жауапқа тартылмайды?

Осының бәрі елімізде деколонизация, десоветизация туралы заң қабылданбағанының салдары! Депутаттар осыны қолға алсын!

Билік Қаңтар көтерілісінің қайталанбауын қаласа, ойлануы керек!

Патриот Жанболат Шайзада босатылсын!

Арандатушы Харжинкий сияқтылар қатаң түрде жауапқа тартылсын!

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев),

жазушы-публицист.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: