Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тас төсенішті кәсіп еткен

01.05.2024, 14:00 392

HALYQLINE.KZ

Өңірімізде кәсіптен нәсіп көріп отырған жандар жетерлік. Десе де, қызылордалықтар үй алдына төсейтін тас төсеніш іздеуде қиналып қалатыны рас. Тас төсеніш жасау – кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін іс. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – аздаған уақытта тас төсеніш дайындаудың қыр-сырын меңгеріп, бұл істі кәсіп еткен Нұрбек Тұрғанбеков. Жас кәсіпкердің бүгінде «Алтын тас» атты жеке мекемесі бар. Ол қазіргі сәтте тас төсеніш пен керамикалық плиталар өндірісін дөңгелетіп отыр. Нұрбек бұл істі 2015 жылдан бастап қолға алған. Айтуынша, кәсібін небәрі 200 мың теңгемен бастаған. Ал, «Алтын таcтың» құрылысы 2021 жылдан 2022 жылға дейін жалғасып, былтырдан бастап ғана осы өндіріс цехында тас төсеніш пен керамикалық плиталар өндіріліп жатыр. 2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 25 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, өндіріс мекемесін 3 есеге дейін кеңейткен. Бүгінде цех аумағында пескоблок, тротуарлы плитка, бордюр, лоток, люк, цоколь, полифосад өнімдері өндіріліп, тұтынушыларды қамтамасыз етуде. Өндіріс орны қысы-жазы мезгілге қарамай жұмысын жалғастыра береді. Іште керекті жабдықтың бәрі бар. Кез келген жыл мезгіліне дайын. «Алтын тастың» басқа тас төсеніш жасаушы орындардан айырмашылығы – қазақи нақышта жасалуы.

Бұл кәсіпке келгеніме 9 жылдың жүзі болды. Екі баланың әкесімін. Негізгі мамандығым – автомеханик. Оқыған мамандығымның қазіргі айналысып жүрген салама еш қатысы жоқ. Бала кезімнен саудада жүргеннен кейін кәсіпкерлік маған таңсық дүние емес. Бастапқыда бұл кәсіп туралы интернеттің көмегімен білдім. Кәсіпті жалғыз өзім бастағанмын. Ағамның есігінің алдында өзім істей беретінмін. Бертін келе оқыдым, тәжірибе алмастым, алған білімімнің көмегімен қазіргідей жетістікке жетіп отырмын, – дейді кәсіпкер.

Нұрбек өзінің өндіріс цехында 11 адамды жұмыспен қамтып отыр. Айтуынша, қол астындағылардың бәрі дерлік – өзінің інілері. Ал, ұжымдастар арасындағы үлкені өзі екен. Одан тас төсеніштерді дайындаудың құрылымын сұрадық. Айтуынша, өнімнің құрамына жуылған құм, шебін, цемент (ақ және қоңыр) және химикаттар мен бояулар кіреді. Олардың бәрі қазандықта араласады. Одан кейін станокқа қойылады, түсті және қоңыр болып. Дайын болған соң поддонға кетіп, тұтынушыларға беріледі.

Дәл қазір бізде сұраныс өте көп. Біздің тілмен айтқанда, қараша айы мен көктемнің басында сұраныс азайып, «мертвый сезон» басталады, – дейді Нұрбек.

Биыл кәсіп иесі өндіріс көлемін ұлғайтуға ниетті. Және орныққан тағы бір мәселе – қолжетімді өнім. Өндіріс нысаны тұтынушыға тас төсеніштерді бірден бере алмайды. Ең алдымен тапсырыс дайындалуы қажет. Ол тапсырысты күтуге 2-3 күн шамасында уақыт кетеді. Сондықтан ол кәсіпорынның көлемін үлкейтіп, ресурстарды да жаңғыртқысы келеді.

Суретті  түсірген  А.Абайұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: