Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теңіз ұлтанына 250 гектар сексеуіл егу жоспарлануда

24.01.2024, 9:45 356

Биыл Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 250 мың гектар фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылы теңіздің құрғаған ұлтанының 150 мың га жеріне іздестіру, топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу де көзделуде. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы хабарлады.

– Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн гектар жерге сексеуіл егу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, былтыр 250 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілген болатын. Оның ішінде облыстық деңгейде 100 мың гектар жерге фитоорманмелиорация жүргізілді.

Сондай-ақ, орман және көгалдандыру жұмыстарына қажетті 158 гектар жер уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында 542 шақырымға жаңадан өрт жолақтарын салу жоспарлануда. Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қажетті техникалар мен құрал жабдықтарды да сатып алу жоспарланды. Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн гектары орманды алқаптар болып табылады, – деді Қайрат Жансұлтанұлы.

Фото: Халықаралық Аралды құтқару қоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: