Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанар Айжанова «ағашкалардың» ашынасы болып жүрген қыздарға бір кеңес айтты

18.01.2024, 17:00 747

HALYQLINE.KZ

Әнші Жанар Айжанованың айтуынша, дүние үшін бай «ағашқылардың» қойнына кіріп кеткен тек арулар ғана емес. Қазақстанда ер балаларды да бай әйелдер алып кетіп, ақшаға өздерінің керегіне жаратады екен.

Жанар Айжанова саясатты жағалап жүрген ағалардың отбасыларын, туыстарын тастап, жас қыздармен көңіл жарастыруға құмарлығына қатысты Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында өз ойын жеткізді.

«Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деп, сөйтіп ағайыннан безген адам оңбайды. Себебі басына бір күн қиыншылыққа тап болғанда ең алдымен келетін ағайындылар ғой. Ал ағайынынан безіп, бәрінен алшақтаған адамнан басқа адам қайыр күтпей-ақ қойсын. Нәпсінің құлы деген сөз», – дейді әнші.

Ал жеңгетай Айканың эскорт қызметін пайдаланатын танымал клиенттерінің тізімі жария болғанын Жанар Айжанова дұрыс деп есептейді.

«Ол да бір жақсылыққа шығар деп ойлаймын. Егер арты ашылып, аты аталып жатса, елдің алдында маскасын шешетін уақыт жеткен шығар. Негізі көп нәрсе бекерден-бекер болмайды. Сол адам тәубесіне келу үшін Алла Тағала маскасын шешіп, елге көрсетіп жатыр. Оның да бір қайыры бар шығар», – деп ойлайды Жанар Айжанова.

Жасы үлкен бай ер-азаматтардың көңілдесі болып жүрген қыздарға әнші өзінің жастық шақтарын қор қылмауға кеңес берді.

«Көбіне қыздардан сұраған кезде айтады жоқшылық деп. Ол сылтау. Жоқшылық емес, қанағаттың жоқшылығы деп ойлаймын. Сол жалындап тұрған кезде өзін-өзі сексендегі шалға сыйға тартып, жастық шағын онымен өткізіп, қойнына жатып, жағдайыңды жасағанша, әншейін қарапайым өзінің қасында жүрген теңімен ойнап-күлгенге не жетсін?! Әке-шешесі біліп тұрып соған өздері риза. Жағдайларын жасап жатқандар (…) Ер балаларды да бай әйелдер алып кетеді деп естимін мен. Өздерінің керегіне жаратады. Жағдайын жасайды екен. Менің айтарым, дүниеге бола өздерінің жастық шақтарыңды қор қылмаңдар. Өйткені бұйыратын нәрсені Алла Тағаланың тарапынан ешкім тартып алып кете алмайды», деп сөзін қорытындылады ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: