Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылықтар қоян жылын қорытындылады

29.12.2023, 10:45 606

HALYQLINE.KZ

Санаулы күннен соң жаңа жылға аяқ басып, тағы бір жыл тарих қойнауына енгелі отыр. Өткен жылға өкпе жоқ десек, 2023 жыл Қазалы ауданы үшін берекелі де табысты жыл болды. Қай салада болмасын ілгері жылжып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Соған сәйкес аудан орталығы Әйтеке би кентінде Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында жылдың қорытынды іс-шарасы өтіп, жыл үздіктері марапат төрінен көрінді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шара ескі жыл мен жаңа жыл кейіпкерлерінің қойылымымен басталды.

Кеште сахна төріне көтерілген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен де бөлісіп, көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мұнан соң «Қазалы-Жолшы» ЖШС директоры Бекқали Бекбауылов ҚР көлік министрлігінің «Құрметті жолшы» төсбелгісімен және «Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалінің қорытындысы негізінде «Үздік ауылдық клуб» номинациясы бойынша арнайы дипломмен Басықара ауылдық клубы марапатталды.

Сол секілді бірқатар азамат облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мерейлі кеште Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған мерейтойлық төсбелгілер табысталса, қоян жылында табысты еңбек еткен жыл үздіктері марапат мінберінен көрінді.

Қорытынды іс-шарада Қызылорда облысының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов сөз алып, Қазалы жұртына деген ізгі лебізін жеткізді.

Аудан өнерпаздары Жарасхан Төлебайдың «Қазалы» әнін және қазалылық ақын Жетіскен Мәкеналының сөзіне жазылған, Қазалы ауданының ұранына айналған «Қазалы вальсін» орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: