Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп директоры баспалдақтан құлаған бала үшін қызметінен босатылды

27.09.2023, 10:08 436

HALYQLINE.KZ

Астанадағы 2-сынып оқушысы баспалдақтан құлап кеткен №14 мектеп-гимназиясының директоры Дидар Байтасов қызметінен босатылды.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

«Оқиғаға байланысты №14 мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған.

«Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Бұл жерге жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ», – деп мәлімдеген еді білім басқармасы.

Бұған дейін мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Facebook-парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, қазір мектептің оқу жылына дайындық сапасы тексерілуде.

Динара Закиева қазір зардап шеккен баланың ауырлық дәрежесі орташа, жақсару үрдісі бар екенін атап өтті. Оның когнитивті функциялары сақталған, сұрақтарға жауап бере алады және нұсқауларды орындайды.

Астана ПД аталған қылмыстық іс туралы әлі түсініктеме жоқ.

 Елімізде түрлі оқиғалар болып жатқанда көбіне жоғарыдағы секілді кіші шенді қызметкерлер қызметтен босап жатады. Бұл жолы да сондай үрдіс айна-қатесіз қайталанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: