Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерекше жандарды қолдау – қоғам парызы

20.09.2023, 17:20 477

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты қолдауымен «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз қыз-келіншектерді қоғамға даярлау» жобасы аясында «Ерекше шеберлік» мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясының базасында өткен жәрмеңкеге 10-ға жуық мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншек қатысып, қала тұрғындарының назарына өз бұйымдарын ұсынды.

Жәрмеңкеге этно стильдегі қолөнер бұйымдары; заманауи бедерлі әшекейлер; төсек жабдықтары, құрақ бұйымдары мен кәдесыйлар, тоқыма бұйымдар мен киізден өңделіп жасалған киім түрлері, ерекше сөмкелер мен тоқыма жұмсақ ойыншықтар қойылған.

– Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты ерекше жандарға мүмкіндік беріп ғана қоймай, олардың қоғамдағы өз орнын табуға көмектесіп, қазақтың төл өнерін кәсіпке айналдырған жандарға қолдау көрсету болып отыр. Сонымен қатар рухани мұраны сақтауға, еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа насихаттауға да мол мүмкіндік. Ал біздің міндетіміз – қолөнершілермен тікелей байланыс орнатып ғана қоймай, халық өнерін жаңғырту және дамыту, ісмер ерекше жандарға жаңаша серпін беру, – дейді жоба жетекшісі Зейнар Тәжиева.

Ерекше іс-шараға қолдау білдіріп, «Бәйтерек School» жеке мектебінің шығармашыл оқушылары мен бірқатар үкіметтік емес ұйым жетекшілері, белсенді жастар мен көпбалалы аналар қатысты. Алдағы уақытта да мұндай мазмұнды іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Құралай ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: