Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын беруге өтінімдерді қабылдау басталды

04.08.2023, 11:10 253

HALYQLINE.KZ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығын беру конкурсына өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімдерін «Ұлы дала елі» брендімен тауарларды экспорттау кезінде ынталандыру және позициялау, елдің шетелде танылуын арттыру болып табылады.

«Ұлы дала елі» бренді халықаралық нарықтарда Қазақстан брендін ілгерілететін Қазақстанның үздік отандық тауар өндірушілеріне тапсырылады.

Байқауға қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы қажет:

  • өнімнің бір түрін өндірудің жалпы көлемінің кемінде 10% көлеміндегі экспорт үлесі
  • тауарларды өндіру, қызметтер көрсету кезіндегі жергілікті қамту үлесі(кемінде 30%);
  • халықаралық бизнес қауымдастықтарына мүшелік;
  • лицензиялардың, рұқсаттардың, патенттердің болуы;
  • халықаралық наградалардың, дипломдардың болуы;
  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (бизнесті жауапты жүргізу)бойынша қаржылық емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы;
  • сауда маркасының танылуы, ұсынылған портфолио бойынша компанияның оң имиджі (құпталады).

Конкурсқа:

  1. қызметті нарықта кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
  2. тарату сатысында емес, банкрот деп танылмаған;
  3. өтінімде дұрыс мәліметтер көрсеткен;
  4. комиссия мүшелеріне өз кәсіпорнын тексеруге мүмкіндік берген (кәсіпорын қаражаты есебінен)жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады .

Конкурстың өткізілу тәртібі:

  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін Ережеге сәйкес ресімделген өтінім мен материалдарды (сканерленген) info@ulydalaeli.kz.электрондық мекенжайға ұсынуы тиіс.
  • Комиссия конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарайды және өтінімдердің жалпы санынан 12 үміткерді іріктейді.
  • Комиссия кіші топтарға бөлініп, өтінімде ұсынылған ақпаратты растау үшін кәсіпорындарға (олардың есебінен) барады.
  • Тексеру нәтижелері бойынша комиссия іріктеудің келесі кезеңіне шыққан 6 үміткерді айқындайды.
  • 6 үміткердің тізімі онлайн-дауыс беру үшін ҰКП интернет-ресурсында орналастырылады.
  • Ең көп дауыс жинаған компаниялар (үштен аспайтын) «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болады.

Байқау лауреаттарына салтанатты түрде «Ұлы дала елі» қолшатыр брендінің эмблемасы мен диплом беріледі. «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығы жарнамалық мақсатта 5 жыл мерзімге беріледі.

Сұрақ туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Малика Тютебаеваға хабарласа аласыздар. Тел.: 8 /7242/ 40-09-81, 8 707 988 50 80.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: