HALYQLINE.KZ Қызылордада төрт жылдан бері «Кітап құрттары» клубы жұмыс істеп келеді. Кітапқұмар қыз-жігіттердің онлайн таныстығы ортақ ұйымға ұласты.
Алтаудың кездесуінен басталған байланыс аясы кеңейіп, жүздеген, тіпті одан көп адам оқыған кітабын талқылайтын орта болды. Оның жетекшісі, идея авторы Талғат Меңдібай өзі де бала күнінен кітап «кеміріп» өсті. Әлі күнге сол әдет.
– Бұрын жылына 30-40 кітап оқысам, қазір 20-ға жуық. Классикалық әдебиетті жақсы көрем. Екі ағам да кітапқа құмар. Соларға еліктедім, – деді кейіпкеріміз.
Ол қызығушылығы бір жандардың басын қосып, жиындар өткізуден бір тиын түспегенімен, бұдан жаны рахат табатынын айтты.
– Мен альтуристік көзқарастағы адаммын. Бәріміз пайда ойлап кетсек те болмайды. Мұғаліммін, екі-үш жерде жұмыс істеймін. Өз табысым өзіме жетеді, – деді Талғат.
«Кітап құрттарының» қатарында жүріп айырылмас досқа айналғандар да, жұп жарастырғандар да бар.
Назерке Саниязова,
журанлист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!