Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

29 сәуірден бастап жұмыс істейтін мекемелер базаға қалай тіркеледі?

30.04.2020, 10:02 814

HALYQLINE.KZ –| Өздеріңізге белгілі, Төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай кезінде кезең-кезеңмен жұмыс істеуге рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.

Аталмыш тізімге сай, 29 сәуірден бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері «Сергек» базасына тіркелу керек. Ал тіркеу жұмыстары төмендегіше жүргізіледі.

Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарды базаға енгізуді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы жүргізеді. Байланыс құралдары: 60-54-12, 8 775 127 25 25, 8 777 499 27 19, prom11@orda.gov.kz

Сақтандыру, нотариалдық, жеке медициналық қызмет көрсету (ЛОР, стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), «тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша электроника және тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің қызметі және оларды жөндеу cаласындағы Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасы тіркейді. Байланыс құралдары: 8 777 764 33 11, 8 771 479 75 82, atameken@orda.gov.kz

Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, желімдеу, шаштараз, аяқ киім жөндеу, «тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша курьерлік қызметтерге қатысты Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерді қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі енгізеді. Байланыс құралдары: 8 701 817 37 07, 8 777 153 12 66, 8 777 334 09 27, 8 777 778 01 01, gopit@orda.gov.kz

Сақтандыру, нотариалдық, жеке медициналық қызмет көрсету (ЛОР, стоматология, офтальмология, ультрадыбысты зерттеулер, МРТ, КТ, зертханалар, гинекология, урология), автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциялары, көлік жуу, желімдеу, шаштараз, аяқ киім жөндеу, «тұтынушыға дейін жеткізу» қағидаты бойынша электроника және тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің қызметі және оларды жөндеу, курьерлік қызметтермен айналысатын аудандардағы кәсіпкерлерді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы тіркейді. Байланыс құралдары: 40-10-59, 8 702 378 97 94, 8 705 442 47 42, 401059@orda.gov.kz

Ауыл шаруашылығы техникасы мен оған қосалқы бөлшектерін сататын жеке және заңды тұлғалар, ауылшаруашылығы техникасына сервистік қызмет көрсететін ұйымдарды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы енгізеді. Байланыс құралдары: 8 700 727 76 67, 8 771 340 67 77, 605442@orda.gov.kz

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін нысандардың құрылысын жүргізетін мердігер, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарын облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (60-53-53, 8 708 871 06 87, 8 747 740 91 46, 605353@orda.gov.kz ), облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы (60-53-97, 8 705 953 00 47, 605397@orda.gov.kz ), облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (60-54-77, 8 777 306 17 44, 8 775 429 94 37, 605477@orda.gov.kz ) тіркейді.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: