Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар демалысы барынша тиімді ұйымдастырылады

07.06.2023, 12:15 192

Денсаулық сақтау саласында даму динамикасы байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12%-ға азайған. Ана өлімі 48%-ға, сәбилер өлімі 44%-ға, жарақат, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім-жітім 41%-ға, туберкулезден болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеген.

Кеше ғана аяқталған кезекті оқу жылында облыс мектептерінің 179 869 (мемлекеттік – 172625, жеке -7244) оқушысы жазғы демалысқа шықты. Оның 8210-ы биыл мектеп бітірді. Түлектердің 7421-і(90,4) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген.

Жылдағы дәстүр ізімен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Осы жылы жергілікті бюджет есебінен аймақтағы 10 лагерьде (7-мемлекеттік, 3 жеке) 8 мыңнан астам баланың демалысы ұйымдастырылды. Демеушілердің қолдауымен 3000 бала еліміздің алдыңғы қатарлы лагерьлерінде тынығады. Бұдан бөлек, 96 мың бала мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге барады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: