Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Саяси қуғын-сүргіннің өткені мен бүгіні

31.05.2023, 15:02 320

HALYQLINE.KZ

Бүгін елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екендігі белгілі. КСРО  қылышын  қанға бөктіріп, мыңдаған халық өкілін  жазалады.  Қолдан  ұйымдастыру арқылы  елді аштан қатырды…

Иә, өткен заманның иесі бөлек еді. Сол аштан қырылып, қуғындалған қазақтың аман қалғандары бүгінде тәуелсіз елде тұрады.  Дәл қазір сол тәуелсіз елдің ұландары «еркін өмір» сүріп жатыр деп айта алмайтын жағдайда екенімізді несіне жасырайық.

Теңдік сұрап, ортаға  шыққан  азаматтарымыз қуғынға ұшырады. Саяси  көзқарасы үшін өзін-өзі атып өлтірді деген сот шешімі, тапсырыс берушілер қолынан қаза тапқан қоғам қайраткері мен белсенділері зұлмат заманындағы емес, көз алдымыздағы жайттар.

Жаңаөзен мен кеше ғана өткен қаңтар қырғынында қыршын кеткен отандастарымыздың әруағы сотталып жатқан оқиғаларды  ойлаудың өзі қорқынышты.  Саяси қуғын-сүргін туралы айтылғанда ең болмаса осы бір жайттарды еске алып өтуді естен шығармайық.

Ж.Наурызәлі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: